Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗАРИНА – ГРАНТ ИЕГЕРІ

ЗАРИНА – ГРАНТ ИЕГЕРІ


Мектеп бітіруші түлектер үшін ең маңызды білім сынағы ҰБТ тапсыруға бір айдан астам уақыт қалды. Он бір жыл бойы алған білімдерін дәлелдеп, грант иегері атану әрбір шәкірттің арман-тілегі. Ол үшін мемлекет тарапынан барынша қолдаулар көрсетілуде. Сапалы білім беріп, шәкірттерін жетістіктерге жетелейтін ұстаздар қауымының еңбегін ерекше атаған жөн.
Жақында редакцияға жақсы жаңа­лықпен №131 орта мектептің 11-сынып оқушысы Зарина Жарболова келді. Мектеп бітіруші Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен V республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасына қатысып, «Үздік жұмыс» номинациясына ие болды. Заринаға университеттің І вице-президенті, профессор Мехмет Қуталмыш пен университет ректоры У.Әбдібеков университеттің грантын тапсырды. Болашақта орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқитын Зарина Жәнібекқызы бұл жетістігі үшін пән мұғалімдеріне Айгүл Нұрышева мен Динара Жұмабаеваға алғысын айтады. Орыс тіліне деген қызығушылығы басым Зарина көптеген мүшәйраның жеңімпазы. Өлең жазып, шығармашылықпен айналысатын дарынды қыз облыстық ХІІІ Дельфий ойындарының жүлдегері. Ол университеттің грантын жеңіп алу үшін бірнеше кезеңнен тұратын сынақтардан өтіп, шығармашылық емтихан тапсырды. Зарина алда болатын ҰБТ тапсырудан босатылып, аталмыш университетте жоғары білім алатын болады.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
17 сәуір 2018 ж. 2 203 0