Аудан әкімі Президенттік пәндік олимпиада жүлдегерін қабылдады
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев ХҮІ Президенттік пәндік олимпиаданың ІІ орын иегері Әбілмансұр Рүстемовті анасы Салтанат Нұрсейітова және ұстазы Үміт Батишевамен бірге қабылдады.
Аудан басшысы елімізде білім саласын дамытуға ерекше басымдық берілгенін атап өтіп, болашақ білімді жастардың қолында екенін жеткізді.
Аудан басшысы елімізде білім саласын дамытуға ерекше басымдық берілгенін атап өтіп, болашақ білімді жастардың қолында екенін жеткізді.
– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы» деп атап өтті. Бүгінгі кезеңде білімді жастар ел өркендеуіне елеулі үлес қосып жүр. Сондықтан мектеп жасынан сапалы білім игеріп, өзінің біліктілігін көрсете білген оқушының болашағынан зор үміт күтеміз. Президенттік пәндік олимпиада жүлдегерін құттықтап, анасы мен ұстазына ризашылығымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мұнан соң аудан басшысы пәндік олимпиада жүлдегерінің анасына, ұстазына және өзіне Алғыс табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Ә.Рүстемов Қарағанды қаласында Е.Бөкетов атындағы университетте 21-24 қараша аралығында өткен ХҮІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысты. Пәндік олимпиада жаратылыстану-математика циклындағы химия-биология, математика және физика пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау, кәсіби бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілген.
Еліміз бойынша 199 оқушы қатысқан олимпиада нәтижесінде 11 сынып оқушысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің II дәрежелі дипломымен марапатталды. Осы жетістігімен ол «Химия-биология» білім беру бағдарламасы бойынша Әлихан Бөкейхан атындағы университетте оқудың барлық кезеңіне толық жеңілдік және Тұран университетіне 4 жылдық грант сертификатын жеңіп алды.
Ә.Рүстемовтың білімінің дамуына бағыт-бағдар берген жетекшісі – Үміт Батишева. Ал анасы Салтанат Нұрсейітова аудандық емханада мейірбике болып қызмет атқара жүріп, ұлының білім алуы мен ізденуіне жағдай жасап келеді.