Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі басталды

Білім бәсекесінің аудандық, қалалық кезеңі жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 15 пән бойынша 8 тірек мектепте өткізілуде.
Олимпиадаға облыс көлемінде 9-11 сынып бойынша барлығы 5 404 оқушы қатысуда. Ал білім додасының алғашқы күнінде 994 оқушы математика және физиеа пәндерінен бақ сынауда.
Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілетін болады.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі