Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Төсбелгімен марапатталды

Төсбелгімен марапатталды

«Шаған Жер» серіктестігінің төрағасы, аудандық газеттің жанашыры Жеңісбек Сыздықов «AMANAT» партиясының ең жоғар­ғы наградасы «Белсенді қызметі үшін» төсбел­гісімен марапатталды. Марапатты пар­тия­ның облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов салтанатты түрде табыстады.

Білікті басшы, іскер ұйым­дастырушы Жеңісбек Сыздықов мемле­кеттік қызмет саласында да, жеке секторда да жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан аза­мат. Ол соңғы жылдары өзі туып-өскен Шаған ауылындағы шаруашылықтың жұмысын бас­қарып, дала диқандарының сапалы өнімге қол жеткізуіне қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар ау­дан көлеміндегі қоғамдық-сая­си, рухани-мәдени жұмыстарға да белсене атсалысуда.

Елге еткен еңбек еленбей қоймайды. Адал еңбегі еленген Ж.Шәкімбайұлына «Белсенді қыз­меті үшін» төсбелгісі партия жобаларын жергілікті жер­де жүр­гізуге ерекше атса­лыс­қаны үшін берілуде.

– Биыл партия мемлекеттік және партиялық наградалармен марапаттауға ел игілігі үшін ең­бек еткен және Мемлекет бас­шы­сының Әділетті Қазақстан құру бағытын жүзеге асыруға атсалысып жүрген педагогтарды, дәрігерлерді, кеншілерді, мұнай­шыларды, шар­уаларды, жұ­мыс­шыларды және басқа да кәсіп өкіл­дерін ұсынды. Сырдариялық Ж.Сыздықов еңбек пен қоғамдық қызметті ұштас­тырып жүрген азамат. Ол алдағы уақытта да партия жобаларын сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруға үлес қосады деп сенеміз, – деді Н.Байқадамов марапаттау салтанатында.

Жергілікті газеттің таралы­мы­ның артуына да қолдау көр­сетіп келе жатқан іскер азаматты марапатымен құттықтаймыз.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
04 қараша 2023 ж. 93 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам