Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүз дана газетке жазылды

Жүз дана газетке жазылды

Күріштен мол өнім алып, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан «Шаған Жер» серік­тестігі биыл 100 дана «Тіршілік тынысы» газетіне жазылды. Осылайша, серіктес­тік басшысы Жеңісбек Сыздықов аудан жаңа­лықтарының жаршысы болған төл басылым­ның таралымының артуына қолдау білдірді.

Қазір 2023 жылдың екінші жар­тыжылдығына баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілуде. Жылына екі рет келетін науқан әрбір редакция ұжымы үшін маңызды. Осы кезеңде нағыз жанашыр азаматтар қазақ баспасөзінің дамуына қол­дау білдіріп, ерекше белсенділік танытады. Сол қолдауды соңғы төрт жылдан бері Жеңісбек Сызды­қов басқаратын «Шаған Жер» се­ріктестігі ұйымдастырып келеді.

– 2019 жылдың екінші жарты­жылдығында «Шаған Жер» серік­тестігі аудандық газеттің 1 данасын ғана алатын. Ал 2020 жылдан бастап бұл көрсеткіш артты. Қазір шағандық диқандар 100 дана аудандық газетті алады. Бұл – серіктестік пен редакция арасындағы тығыз әріптестік бай­ланыстың белгісі. Мен редакция ардагері ретінде бақытын ең­бектен тауып, берекеге кенелген шағандық шаруаларға алғыс айтамын. Ал осы жұмыстардың басында жүрген Жеңісбек Шәкімбайұлының жұмысына сәттілік пен жеміс ті­леймін, – дейді аудандық газет редакциясы жанындағы бастауыш ар­дагерлер ұйымының төрағасы Мүсілім Қалмұратұлы.

Иә, еңбек еткенге бақыт басын иеді. Бұл ретте, Сыр маржа­нын өсіріп, ел қамбасын алтын дәнге толтырып келе жатқан шағандық­тардың шоқтығы биік. Ең бастысы, дала еңбеккерлерінің еңбегі еш кетіп жатқан жоқ. Сәйкесінше, түрлі марапаттарға да ұсынылып, абыройлары артуда.

– Шаған – аудандағы ең үлкен ауыл. Сондықтан үлкен ауылдың мәселелері де үлкен, жетістіктері де ауқымды болатыны анық. Бү­гінде «Шаған Жер» ЖШС бір ауыл­дың ғана емес, ауданның да дамуы­­на атсалысуда. Біз жұмыстың сапасын арттыру мақсатында ескі техникаларды жаңалауды қолға алдық. Атап айтқанда, Class Axion 820, Zoomlion 1604, Zoomlion 904 тракторларын, Case 4099, Class Lexion 750 комбайндарын және басқа да қажетті техникалар алынды. «Елде болса, ерінге тиеді» де­мекші, бәрі ауыл үшін, ауылдың болашағы үшін жасаланып жатқан жұмыстар. Аудандық газет осы жұмыстарды халыққа жеткізіп, ақ­параттық қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан биыл ұжым болып 100 дана газетке жазылдық. Жергілікті журналистердің жұмысына шығар­машылық сәттілік тілейміз, – дейді Жеңісбек Сыздықов.

«Еңбек еткеннің еңсесі биік» дегендей, жаңа қарқынмен жұмыс істеп жат­қан шағандық шаруалар­дың ал­дағы уақытта биіктен көрі­не­­тініне се­нім мол. Олар күріштен тау тұрғызып, жылды жемісті қоры­тын­дылай­тын­дарына сенімді. Осы орай­да редакция ұжымының атынан Жер-Ананың ырыс-несібесі ар­та берсін деп тілек білдіреміз.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
20 маусым 2023 ж. 436 0