ҚАРУЛЫ КҮШТЕР – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
Елдің алдыңғы шебі саналатын қазақ әскерінің Отанды қорғау бағытындағы қауқары алдымен, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы, бейбіт уақытта оқу-жаттығу дайындығының қырағылықтан бастау алатындығы анық.
Осы мақсатта, ҚР Қарулы Күштерінің жергілікті әскери басқару органдарымен өзара тығыз әрекет ету мақсатындағы тактикалық-саптық сабақтары «Ұлы дала әскері-Мәңгілік ел тірегі» ұранымен басталды.
Аталған бағытта, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және бағынысты қалалық басқарма мен аудандық бөлімдерінің арасында жоспарға сәйкес, жауынгерлік әзірлікті тексеру және тактикалық-саптық сабақтар жүргізілуде.
Қызылорда облысының құқық қорғау және арнайы мақсаттағы мекемелермен өзара әрекеттесуді сапалы ұйымдастыру мақсатында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2 өрт сөндіру есептобы, 2 жедел жәрдем экипажы және жергілікті полиция қызметінен 20 қызметкер шақырылып, өзара бірлесіп әрекеттесу жұмыстары пысықталды.
Онда Қарулы Күштер әскери бөлімдері мен мекемелеріне әскери міндеттілерді уақытылы жинау үшін хабарлау, құжаттарын ресімдеу және жөнелту жұмыстары пысықталды.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі