Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

№77 газет

05 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада дәстүрлі веломарафон өтті

Қызылордада дәстүрлі веломарафон өтті


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасыменмекеме қызметкерлері мен әуесқойлар арасында  дәстүрлі  веломарафон басталды. Сөре «Тағзым» алаңынан басталып, С.Толыбеков - Желтоқсан -  Ш.Есенов көшелері арқылы «Евразия» спорт кешенінде мәресіне жетті.
Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық (олимпиадалық резерв даярлау орталығы) бірінші болып келсе, тараздық Нұрбол Кулимбетов – екінші, әуесқой спортшы Берік Көпешов  – үшінші орындарды иеленді.
 Әйелдер арасында әуесқой спортшылар Қаракөз Қизатова  жеңімпаз атанса,  екінші орынды Динара Эшатова еншіледі. Үшінші орын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ақзия Қырықбаеваға бұйырды.
 «Жеңіске деген жігері үшін»  - номинациясымен Жандәулет Өндірей (ТЖД) мен Қанат Қизтов ( әуесқой спортшы), «Жасы үлкен қатысушы» - 71 жастағы Александр Ким марапатталды.
   Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медальдары және  жарыстың бас демеушісі «Biali LTD» ЖШС бағалы  сыйлықтары табысталды.
   Айта кетейік, енді күзге дейін екі апта веломарафон, екі апта жүгіру жарыстары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
10 мамыр 2018 ж. 329 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам