Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары бейнеқоңырау арқылы кеңес береді

Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары бейнеқоңырау арқылы кеңес береді

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан «Байланыс орталығы» арқылы салық төлеушілерге кеңес бере бастайды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл пилоттық жоба бейнебайланыс негізінде жүзеге асады.

"Жобаның мақсаты – арнайы QR-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-дағы Salyqbot каналында «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.
Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді", - деп жазды комитеттен.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Фото: ҚазАқпарат
13 қазан 2023 ж. 208 0