Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Уақытты үнемдейді, шығынды азайтады

Уақытты үнемдейді, шығынды азайтады

Цифрлық технологиялар қоғам мүше­лерінің уақытын үнемдеп, шығынын азай­туға көп көмегін тигізеді. Сондай-ақ, ақ­параттық жүйелерді пайдалану арқылы біз адамдар арасындағы байланыстың азаю­ына үлес қосып, сыбайлас жем­қор­лық қылмыстарын болдырмауға да атсалысамыз. Осы ретте, «E-салық – азамат» мобильді қосымшасының салық тө­леу­шілер үшін тиімділігі көп.

Мемлекеттік кірістер органдары жақсы жаңалықты ұсы­нады. Егер, сіз мүлік, жер, көлік салығын төлемеген бол­саңыз, ол үшін уақытыңызды бөліп, Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Ең оңай шешім – «E-салық-азамат» мобильді қосымшасын пайдалану. Бұл қосымшаны «Appstore» немесе «Playmarket»-тен жүктеп алуға болады. «E-салық-азамат» мобильді қосым­шасы арқылы артық немесе қате төленген қаражатты бюд­жеттен кері қайтарып алуға да болады. Сондықтан ау­дан­дық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары тұрғындарға уақытты үнемдеп, шығынды азайтатын қосым­шаны жүктеп алуға кеңес береді.

– «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасы салық төлеу­шілер үшін тиімді. Мобильдік қосымша кез келген азамат үшін қолжетімді. Мәселен, енді осы қосымша арқылы қа­зақ­­стандықтар активтері мен міндеттемелері туралы дек­ларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Мобильдік қо­сымшаны салық төлеушілер дұрыс қолдана білсе, онда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің жұ­мысы жеңілдейді. «E-Salyq-Azamat» қосымшасы арқылы тұрғындарға – салық әмияны, жалпыға бірдей декларация­­лау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, электр­­онды сервистер, калькулятор, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызмет түрлері ұсы­нылған. Бүгінде мобильді қосымшаның тиімділігі мен таны­­­­мал­­­­дылығын арттыру мақсатында сала мамандары түсіндірме жұмыстарын атқаруда, – дейді аудан­дық Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ж.Төлегенова.


А.СЕЙІЛОВ
22 қаңтар 2022 ж. 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам