Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭЦК-ні Ұлттық куәландырушы орталығы рәсімдейтін болады

ЭЦК-ні Ұлттық куәландырушы орталығы рәсімдейтін болады

Келер жылдан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны Ұлттық куәландырушы орталығы рәсімдейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін тоқтатады.

Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық құжат алмасу процесі Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асады. Электрондық кілт алған соң, «Жеке кабинет» ашу үшін «Электрондық үкімет» порталында тіркелуі қажет.

Заңғар Шындали, ҚР ҚМ МКК мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы:

– Енді келесі жылдан бастап сол кілттерді бермейміз, өйткені екі кілт болды. Халық шатастыра бастады. Ұлттық куәландыру орталық берген кілттер және кірістер комитеті берген кілттер. Сондықтан бір кілтпен ғана жұмыс істейтін болады. Келесі жылға дейін сол ұлттық куәландыру орталығы берген кілттерді орнату қажет. Өйткені өзін салық төлеуші кірмейтін хабарлама алу үшін қызмет көрсету үшін. Бірақ ол қызметтерді қосымша электронды үкімет сайтынан алуға болады.


30 желтоқсан 2019 ж. 654 0