Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

06 шілде 2024 ж.

№ 52 газет

02 шілде 2024 ж.

№51 газет

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлеуметтік қорғау саласында атқарылған жұмыстар

Әлеуметтік қорғау саласында атқарылған жұмыстар

Ұлттық жоба аясында барлығы 58 жұмыс орны, оның ішінде – 7 тұрақты, 51 уақытша жұмыс орны ашылу жоспарланған. Осыған сәйкес, барлығы 58 жұмыс орны ашылды, оның ішінде – 12 тұрақты, 46 уақытша.

Атаулы әлеуметтік көмек 184 отбасына (1060 адам) тағайындалып, төленді.

Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 271 балаға қосымша төлем тағайындалып, 271 балаға төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан еңбекке жарамды 314 адам, оның ішінде өтініш берген кезеңде жұмысы бар 166 адамды құраса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 69 адам тартылды, оның ішінде 14 адам тұрақты жұмысқа, 45 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 2 жастар практикасына жолданып, 7 адам қайтарымсыз грант алған.

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 74,8 пайызды құрады.

Халықтың осал топтарына демеушілер мен еріктілер тарапынан 1058 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Тұрғын үй көмегін көрсету бойынша 37 отбасына (195 адам) әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2543 адамға әлеуметтік көмек төленді.

Өмірлік қиын жағдай табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) – 11 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалып, 10 отбасына төленді.

Өмірлік қиын жағдай туберкулез ауруымен амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға 32 адамға әлеуметтік көмек тағайындалып, 29 адамға төленді.

2023-2024 оқу жылындағы жоғары оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге 4 балаға облыс әкімінің гранты тағайындалды. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 9 студентке жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы және жүріп-тұру шығындары төленді.
11 қазан 2023 ж. 168 0