Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көрсетілетін көмектер туралы

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көрсетілетін көмектер туралы

2023 жылға атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 12465,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 77024,0 мың теңге, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемге республикалық бюджеттен 17084,0 мың теңге қаржы қаралған. 2023 жылдың 1 шілдесіне 174 отбасына (994 адам) 38499,7 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 172 отбасына(983 адам) 32292,0 мың теңге төленді (атаулы әлеуметтік көмек бойынша мәлімет қосымша кестеде көрсетілген).

Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 248 балаға 5697,7 мың теңге қосымша төлем тағайындалып, 247 балаға 4812,8 мың теңге төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан еңбекке жарамды 294 адам, оның ішінде өтініш берген кезеңде жұмысы барлар 145 адамды құраса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 61адам тартылды, оның ішінде 10 адам тұрақты жұмысқа, 43 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жолданып, 7 адам қайтарымсыз грант алған.

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 70,1 пайызды құрады.

2023 жылдың 1 шілдесіне халықтың осал топтарына демеушілер мен еріктілер тарапынан 770 отбасына 21952,2 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда.

Аудан бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны – 1190, оның ішінде I топ – 112, II топ – 324, III топ – 496, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 258.

2023 жылдың 1 шілдесіне барлығы 1034 мүгедектігі бар адамдарға өтініштеріне сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берілді. Оның ішінде протезді-ортопедиялық құралдарға-118, сурдотехникалық көмекші құралдарға– 13, тифлотехникалық көмекші құралдарға – 105, кресло арбаларға– 31, санаторий-курорттық емделуге – 92, жеке көмекші қызметіне – 127, ымдау тілі маманымен қамту қызметіне – 12, міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз етуге – 536 тапсырыс берілді. Аталған тапсырысты мүгедектігі бар адамдар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталда өз таңдаулары бойынша жасады.

Бұл ретте есепті кезеңге мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қамтылуды қажет ететін өтініштер саны – 1034, одан қамтылғандар саны 923 -ті құрап, айырмасындағы 111 өтініш орындалу сатысында тұр.

1 шілдеге жеке оңалту бағдарламасы 89,3 пайызға орындалды.

Мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен және техникалық оңалту құралдарының кеңейтілген тізбесімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен барлығы 26103,0 мың теңге қаралып, 1 шілдеге міндетті гигиеналық құралдарға 179 адамға 18565,0 мың теңге, кеңейтілген тізбеге 163 адамға 4605,2 мың теңге барлығы 342 адамға 23170,2 мың теңге төленді.

Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманы қызметін ұсынуға республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 5056,0 мың теңге қаралған. Есепті кезеңге ымдау тілінің 1 маманы 12 мүгедектігі бар адамдарға қызмет ұсынып 2499,5 мың теңге игерілді.

Жеке оңалту бағдарламасы бойынша жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға жергілікті бюджеттен 107 мүгедекке 124049,0 мың теңге қаралды. 1 шілдеге 117 жеке көмекшіге 61290,7 мың теңге игерілді.

Мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған «Инватакси» қызметіне облыстық бюджеттен 3392,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2700,0 мың тг., барлығы 6092,0 мың теңге қаралды. Мемлекеттік сатып алу бойынша «Тұран-Шах Қызылорда» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен 2998,8 мың теңгеге шарт жасалып, 2 инватаксимен қызмет көрсетілуде. 1 шілдеге жүріп –тұруы қиын бірінші топтағы көз мүгедектері, кресло- арбадағылар және мүгедектігі бар балаларды есептегенде 132 мүгедектігі бар адамдардан 201 тапсырыс қабылданып мерзімінде орындалды, игерілген қаржы 2448,6 мың теңге.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыру бағытында облыстық Басқармада 2023 жылға жасалған бөлініс бойынша білім, денсаулық, мәдениет және спорт саласындағы 32 обьектіге толық бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл бағытта аудан әкімінің 22.11.2021 жылғы №243-ө өкімінің күші жойылып, 25.05.2023 жылғы №124-ө өкімімен жаңадан жұмыс тобы құрылды. Бекітілген обьектілерді аралау кезінде қолданыстағы талаптарға сай бейімдеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аталған салаларда ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін бейімдеуді аяқтау бағытындағы тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Фото: ашық дереккөзден
29 шілде 2023 ж. 209 0