Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 831 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

831 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Сырдария ауданында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Мәселен «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында өткен жылы 23 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 592 адам еңбекке тартылды. Оның ішінде, бес адам тұрақты жұмысқа тұрды. Ал жалпы аудан бойынша 831 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

- Ауданда «Еңбек» бағдарламасыаясында 2945 адам жұмыспен қамтылды. Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 291 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларын атартылып, 25 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Мұнан өзге, төтенше жағдайға байланысты 3369 адамға коммуналдық қызмет төлеміне республикалық бюджеттен 101,1 млн. теңге берілді. Сонымен қатар, «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы 8474 тұрғынға 42500 теңгеден төленді. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша 65 маман 18,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы алса, 52 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 202,8 млн. теңге бюджеттік несие берілді, - деді Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев.
26 наурыз 2021 ж. 536 0