Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ұлттық ойын – көкпарды тамашалады

Ұлттық ойын – көкпарды тамашалады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев "Сырдария ауданының Құрметті азаматы", тыл және еңбек ардагері Рақымжан қажы Бәйменовпен бірге ұлттық ойын – көкпарды тамашалады.

Аудан басшысы атшабарға жиналған көкпаршылардың қанжығаларының майлануына тілек білдірді. Тыл және еңбек ардагері Р.Бәйменов спортшыларға батасын берді. Аудан әкімі ардақты ақсақалға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Көкпар ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Қазіргі таңда ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастардың қызығушылығын ояту аса маңызды.

Ұлттық спортқа Қызылорда, Жаңақорған, Шиелі аудандарынан және ауданға қарасты елді мекендерден ат құлағында ойнайтын шабандоздар қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 қыркүйек 2023 ж. 323 0