Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ойынды ұлықтады

Ұлттық ойынды ұлықтады

Көкпар қазақтың қанына сіңген қасиеті, дәстүрлі ұлттық ойыны. Жігіттердің күш-жігерін, батылдығы мен ептілігін, төзімділігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар, көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі.

Осы орайда, кеше Аманкелді ауылында ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен және "Жалын" еріктілер штабының қолдауымен ұлттық спортты насихаттау мен дамыту бағытында "Көкпардан" ауылішілік турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар ардагерлерді ардақтап, қарттарымыз қазынамыз екендігін айтып, қазақы үрдіспен шапан жапты.

Жалпы, ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және Аманкелді ауылында ұлттық спортты жандандыру басты мақсатқа айналып отыр.

Қазіргі таңда елді мекенде ұлттық спортпен 30-дан астам спортшы-шабандоздар шұғылданады. Жасыратыны жоқ, ұлттық спорт - көкпардан ауылымыздың намысын осы азаматтар қорғап жүр. Демек, біздің алар асуымыз бар, биік мақсаттарға жетуге мүмкіндік мол. Осы спорт түрін дамытуға тұрақты жұмыстар атқарылатын болады.

Мұнан соң аталған шараға әділ қазылық жасап, ат спортының шын мықтыларын анықтауға септігін тигізіп, жоғары деңгейде өтуіне зор үлесін қосқан бірқатар азаматтар алғыс арқалады. Бүгінде Сырдария ауданы бойынша бірнеше рет көкпар жарысы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін ат үстінде ойнақтаған жабандоздарымыз Аманкелді ауылында бас қосты. Көпшіліктің деребесін қоздырып аманкелділіктер бірнеше салым салды. Бұл ретте жастар белсенділік танытып, көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ жұршылықтың үкілеген үміті ақталды. Негізінен елімізде ат спорттын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Әр өңірде ұлттық спорт түрі көкпар өз деңгейінде қалыптасқан. Шабандоздардың тақымы мықты болу үшін бабы келіскен сәйгүліктер таңдап алынады. Ал бүгінгі жарыста көкпарда әбден ысылған аттардың шабысын бағдарлай алдық. Міне осындай көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз, – дейді біртоп ауыл тұрғындары.

Ауыл азаматтарының ауызбірлігін арттыруға және ұлттық спорт түрін дамытуға үлес қосып жүрген барлық турнирді ұйымдастыруға
ат салысқын жандарға алғыс білдіреміз.

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
28 қараша 2022 ж. 300 0