Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Құрметті қарияны мерейтойымен құттықтады

Құрметті қарияны мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев еңбек және тыл ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Рақымжан қажы Бәйменовті 95 жасқа толған мерейтойымен арнайы үйіне барып құттықтады.

– Мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің өнегелі өміріңіз жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Ауданның дамуында сіңірген еңбегіңіз орасан. Ақылшы ретінде алдымызда жүріп, ұзақ ғұмыр жасай беріңіз, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Бүгін мерейлі 95 жасқа толған Рақымжан қажы Әбдіхалықұлы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, ағартушылық салада қажырлы қызмет етті. Сонымен бірге аудандық партия комитетінде, облыстық сотта жауапты қызметтерді атқарып, өңірдің саяси-мәдени өркендеуіне елеулі үлес қосты. Қадірлі қария ұлағатты ұрпақ өрбітіп, текті әулеттің ақылшысына айналып отыр.

Жақында ардақты қарияның «Бабалар тағылымы» кітабының тұсаукесер рәсімі өңірдің зиялы қауым өкілдерінің, аудан тұрғындарының қатысуымен салтанатты түрде ұйымдастырылды. Онда аудан әкімінің Құттықтау хаты табыс етіліп, сый-құрмет жасалды.

Сондай-ақ Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ө.Шәменов мерейтой иесін облыстың «Құрмет грамотасымен» және «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалімен марапаттады.

Мерейтойымен арнайы құттықтап келген аудан басшысына Рақымжан қажы ақсақал ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 шілде 2023 ж. 289 0