Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауыз судың жай-күйі талқыланды

Ауыз судың жай-күйі талқыланды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының жәй-күйіне байланысты бірлескен отырыс өтті. Оған «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД фи­лиалының дирек­торы Нажмадин Шамұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері қатысты.

Бірлескен отырыста аудан басшысы халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күнделікті назарда болу керектігіне тоқталып өтті.

– Су – тіршілік көзі. Адамның денсаулығы сапалы таза ауыз суға тікелей байланысты. Ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші — 100 пайыз. Халықтың ауыз суға деген сұранысы ұлғайған сайын онымен қамтамасыз ету жұмыстары күрделене түсуде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев бұған қатысты нақты тапсырмаларды жүктеді. Сондықтан су мұнаралары мен құбырларына қатысты мәселелерді бірлесе, сапалы және жедел шешіп отыруымыз тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиында аудандағы ауыз су жүйелерінің жай-күйі туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев хабарлама жасап, бірқатар мәселелерді атап көрсетті.

Мұнан соң «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД фи­лиалының дирек­торы Н.Шамұратов сөз сөйлеп, өңірдегі ауыз су және кәріз жүйесіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Сондай-ақ, мәселелерді де қозғап, оларды шешу жолында бірлесе жұмыс жасалатынына сенім білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 қыркүйек 2023 ж. 525 0