Аудан әкімі Жетікөл ауылындағы жұмыстармен танысты
Халықты таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты назарда тұрған міндеттердің бірі. Бұл ретте өзге аудандармен салыстырғанда Сырдария ауданында жүйелі жұмыстар атқарылғаны белгілі.
Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов Жетікөл ауылында болып, елді мекендегі «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан су құбырын жеткізу (үй-үйге кіргізу) және кеңейту құрылысының жұмысымен танысты. Аудан әкімі салалық бөлім басшысы мен мердігер мекемеге жұмыстың сапалы атқарылуын жүктеді.
Аталған жобаның жалпы құны - 144,5 млн.теңгені құрайды. Жоба бойынша ауылдағы 161 нысанды (тұрғын үйлер мен әлеуметтік, әкімшілік ғимараттар қоса алғанда) ауыз сумен қамту көзделсе, қазіргі таңда 3 көшеде жұмыстар толық аяқталған. Сонымен қатар сумен жабдықтау нысанының ауласын абаттандыру, су мұнарасын (25 текше метр) жаңадан қою, резервуар мен насос қондырғыларын жөндеу, көшелерде орналасқан су құдықтарындағы қосалқы бөлшектерін ауыстыру көзделген.
Айта кету керек, мердігер «Корпорация Алем-Құрылыс» мекемесі ауылдағы 18 азаматты аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтамасыз етсе, демеушілік есебінен жоба бойынша көшедегі қызыл сызық аумағына дейін жеткізілген су құбырын әрі қарай тұтынушы үйлерге кіргізіп беруде.
Жалпы, ауданды сапалы ауыз сумен қамтуда соңғы үш жылда ауқымды жұмыстар жасалды. Жоба толық жүзеге асқанда аудан бойынша ауыз су мәселесі толық шешімін табатын болады.