Таза суды тәулік бойы тұтынатын уақыт таяу

– Ауылды таза ауыз сумен қамту «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Бұған облыстық бюджеттен 142,4 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі болса, оны мердігер мекеме «Корпорация Алем-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Осы бағдарлама бойынша 18 жұмыс орны ашылып, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ауыл тұрғындары жұмысқа орналастырылды, – дейді Өмірбек Ділдахметұлы.
– Ауылда 152 тұрғын үй бар. Қазіргі таңда су құбыры көшелерге тартылып, үйді-үйге кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ су мұнарасы тұрғызылып, екі насос орнатылды. Біреуі қосымша ретінде қарастырылған. Бұл жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталған болатын. Барлық жұмыстар сапалы іске асырылғанда ауыл халқы тәулік бойы таза ауыз суды тұтынатын болады, – дейді «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД Сырдария аудандық бөлімшесінің Жетікөл ауылындағы операторы Ғылымжан Қожабаев.
Биылғы жылы ауылдағы ең басты жаңалықтардың бірі – осы сапалы ауыз су жүесінің жүзеге асырылуы. Осы жұмыс толық жүзеге асқанда ауданда ауыз су мәселесі түбегейлі толық шешімін табады. Енді аз уақыттан кейін Жетікөл елді мекенінде тәулік бойы таза ауыз су беретін болады.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ