Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ақжармалық еңбеккерлер егін жинау науқанына кірісті

Ақжармалық еңбеккерлер егін жинау науқанына кірісті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев "Дала күні" аясында "Ақжарма және К" ШҚ-ның егістігіне барып, егін жинау науқанында еңбеккерлермен кездесті.

Аудан басшысы Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше назар қойып отырғанын жеткізді. Соған байланысты аймақ басшысы шаруалардың егін егуіне зор қолдау көрсеткенін атап, астықты ысырапсыз жинап алу керектігін айтты. Қамбаның алтын дәнге толуына тілектестік білдірді.

Бүгінде шаруашылық еңбеккерлері егін жинау науқанына кіріскен. Шаруа қожалықта биыл 1350 гектар жерге күріш егілген. Бүгінде ІІ бригаданың 52 гектар жерінің егіні жиналуда.
31 тамыз 2023 ж. 524 0