Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Еңбеккерлермен кездесті

Еңбеккерлермен кездесті

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Аманат» ШҚ-ның егістік басында еңбеккерлерімен кездесті. Шаруашылықтың егін жинау науқанына дайындық жұмысымен танысты.

Аудан басшысы еңбеккерлермен сөйлесіп, науқан алдындағы көңіл-күйін білді. Егін жинау науқаны басталғанда жиын-терімді ысырапсыз жинап алуға тілектестік білдірді.

Шаруашылық төрағасы Бауыржан Жұмабаев атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.«Аманат» шаруа қожалығы өткен жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысуда. Биыл 600 гектар жерге күріш дақылын орналастырып, бап-күтімін жасауда. Бүгінде шаруашылықта 50 адам жұмыс істейді.
16 тамыз 2023 ж. 522 0