Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бесарық еңбеккерлерімен кездесті

Бесарық еңбеккерлерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Бесарық ауылына барып, шаруашылық еңбеккерлерімен кездесті. Егін жинау науқанына дайындалып жатқан шаруалар жұмысымен танысып, өнімнің мол болуына тілектестік білдірді.

Елді мекендегі «Бесарық» ЖШС биыл 700 гектар жерге егін екті. Ала жаздай диқандар күріштікті күтіп, баптады. Енді санаулы күндерден кейін егінді жинау науқаны басталады. Серіктестік директоры М.Биболатов 120 адам жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, шаруашылық адамдары биыл 55 гектар жаңа жоңышқа егіп, 303 гектар ескі жоңышқаны күтімге алған.

Мұнан соң аудан басшысы жақында үйі өртенген елді мекендегі Тыныштық Баржақсиевтің отбасына арнайы барды. Жуырда тоқтағы ақаудан үй өртенген болатын, адам шығыны орын алған жоқ.

Бүгінде ынтымақ, бірлігі жарасқан ауыл халқының демеуімен жаңа үйдің іргетасы қалануда. Бұл жұмыстарға ел азаматтары жанашырлық танытуда. Шаруашылық тарапынан көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, ауыл жастары да қиын шақта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруда.

Берік Әбдіғаппарұлы ауызбірліктің арқасында қиындықтар еңсерілетінін, отбасыға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Ынтымақты ту еткен елді мекен тұрғындарының берекесі арта беретінін атап көрсетті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 тамыз 2023 ж. 309 0