Қызылдихандық еңбеккерлердің еңсесі биік

Шаруашылық төрағасы Алданберген Құлбаев биыл 800 гектар жерге егін егіліп, күтімге алынғанын айтты. Сондай-ақ, 106 гектар жерге жаңа жоңышқа егілген. Ал 62 гектар ескі жоңышқаның ІІ орымынан 33 тонна мал азықтық шөп жиналған. Бүгінде күріштіктің суы толық байланып, науқандық жұмыстарға дайындық жүргізілуде. Шаруашылық төрағасы еңбеккерлердің еңсесі биік екенін атады. Бұдан бөлек, қожалық жұмыстарын әртараптандыруға да басымдық берілгенін тілге тиек етті.
Аудан басшысы шаруалардың жұмысына табыс тілеп, егіннің мол болуына, қырманның тасуына тілектестік білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі