Іргелі шаруашылықта егінге орақ түсті
Аудандағы іргелі шаруашылық – «Мағжан және К» ЖШС-де егінге орақ түсті. Егін жинау науқанының басталу рәсіміне аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және еңбек ардагерлері қатысты.
Аудан басшысы Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Аудан басшысы Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
– Сыр күріші – ел ырысы. Мемлекет басшысының аймаққа деген зор қамқорлығының арқасында, облыс әкімінің ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына көрсетіп жатқан қолдауының нәтижесінде Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы саласы жүйелі дамып келеді. Жыл сайын аграрлы ауданымыз егін саласы бойынша жоғары белестен көрінуде. Биыл да сырдариялық дала еңбеккерлері күріштен мол өнім жинайды деген сенім бар. «Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Ынтымағы жарасқан ел ғана еңбектен береке табады. Сондықтан ауызбірлікпен астықты төкпей-шашпай, ысырапсыз жинап алуға тілекшімін. Өнім мол болсын, қамба дәнге толсын! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Егістік басындағы іс-шарада Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев еңбеккерлердің тынымсыз жұмысының нәтижесінде елдің ырыс-несібесі артқанын айтса, «Мағжан және К» ЖШС-нің төрағасы Д.Ералиев биыл атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Серіктестік биыл 5000 гектар жерге күріш дақылын орналастырған. Науқандық жұмыстар 10 «MacDon», 14 «Claas» комбайндары мен 30 тасымал техникаларымен атқарылады.
Еңбек ардагерлері егіннің мол болуына баталарын беріп, егінге алғашқы орақ түсті. Еңбеккерлер құрметіне ауыл өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі