Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БАТЫР АУЫЛЫНДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

БАТЫР АУЫЛЫНДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге Н.Ілиясов ауылындағы "Мағжан және К" серіктестігінің егіс алқабында болып, егінге орақ салу рәсіміне қатысты.
Шаруашылық қызметкерлері үшін қуанышты сәтте аудан басшысы егіншілерге сәттілік тілеп, тілектестігін білдірді.
– Сыр күріші – ел ырысы. Жыл сайын аграрлы ауданымыз ауылшаруашылық саласы бойынша жоғары белестен көрініп келеді. Биылғы жылы да сырдариялық дала еңбеккерлері күріштен мол өнім жинайды деген сенім бар. Сіздерді биылғы жылдың егініне алғашқы орақ түсу рәсімімен құттықтаймын. Еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспін. Өнім мол болсын, қырман тасысын,- деген аудан басшысы биыл аудан бойынша 32597 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріш 21050 гектарды құрағанын атап өтті.
Егінге орақ салу рәсімінде ауыл ақсақалдары ақ бата берсе, ақжаулықты аналар шашу шашты. Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев ауылға арнайы уақыт бөліп келген, егіншілердің қуанышына ортақтасқан аудан әкіміне серіктестік ұжымының атынан алғысын білдірді.
Серіктестік төрағасы Д.Ералиев қырман жұмысымен таныстырып, жаңадан техникалар алынғаны жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ, алдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды. Айта кету керек, "Мағжан және К" серіктестігі биыл 2630 гектар жерге Сыр салысын еккен.

"Тт"-ақпарат
01 қыркүйек 2019 ж. 843 0