Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Құт қамбаны қызылмен көмкермек

Құт қамбаны қызылмен көмкермек

Ауданға қарасты С.Сейфуллин ауылының ең­бек­керлері де егінге орақ салып, құт қамбаны қы­зылға толтыру қамын жасауда. Биыл Тұрсынбек Бөлегенұлы басқаратын «Құндызды Жер» ЖШС Сыр салысын 640 гектар алқапқа егіп, одан мол өнім алуға ниетті. Сонымен бірге 65 адам жұмыспен қамтылған серіктестікте 50 гектар жерге жоңышқа егілген.

Шаруашылық елді мекеннің әлеуметтік дамуына атсалысып келеді. Атап айтқанда, өткен жылы елді мекендегі ветеринариялық бекеттің жөнделуіне мұрындық болса, биыл «Балалар жылы» аясында ауылдағы Бәйтен батыр көшесіне ойын алаңын салып берді.

Шаруашылықтың егінге орақ салу рәсіміне облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», айтыскер ақын Н.Мансұров, ауыл әкімі Б.Қыдырбаев және ауыл ақсақалдары мен шаруашылық еңбеккерлері қатысып, науқандық жұмыстың басталуына куә болды.

– Күріш – біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Осы егінді егіп, оны ысы­рапсыз жинап алғанның еңсесі биік. Ерте көктемнен Сыр салысының жайқалып өсуіне еңбеккерлер маңдай терін төкті. Ендігі мәселе – осы байлықты шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Астық мол болып, қырман тасысын, – деді облыстық мәслихат депутаты Расул Әбутәліпұлы.

Жыл сайын аграрлы аудан ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары белестен көрініп келеді. Оның ішінде, С.Сейфуллин ауылындағы дала еңбек­керлерінің ел қамбасын алтын дәнге толтыру ісіне қосатын үлесі зор. Биыл да адал еңбекті ту еткен дала еңбеккерлері күріштен тау тұрғызу ісінде жоғары белсенділік танытуда.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
10 қыркүйек 2022 ж. 569 0