Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тамыз конференциясы аясында «Серпін мен сенім» атты әдістемелік алаң отырыстары ұйымдастырылды

Тамыз конференциясы аясында «Серпін мен сенім» атты әдістемелік алаң отырыстары ұйымдастырылды

Аудан орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей және №210 О. Әбілпаттаев, №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің базасында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы аясында ұстаздардың әдістемелік алаң отырыстары өтті. Аталған әдістемелік алаңға қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, директордың тәрбие орынбасарлары, қосымша білім беру ұйымдары, бастауыш сынып мұғалімдері, директордың бағдарлы орынбасарлары қатысты.

Әдістемелік алаң барысында 2022-2023 оқу жылы қорытындыланып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер талқыланды. Білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, 2023-2024 оқу жылындағы «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат таныстырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламасы мен қазіргі білім беру тенденцияларын талқылай отырып, озық педагогикалық іс-тәжірибелер, әр пән бойынша шебер-сыныптар көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты
25 тамыз 2023 ж. 793 0