Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздардың білім бәсекесі

Ұстаздардың білім бәсекесі

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар – 2023» аудандық байқауы өт­кізілді.

Байқау мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының арасынан үздіктерді анықтау мақ­са­тында өтті. Яғни байқауға қатыс­қан өз ісінің мамандарының білім бе­ру мазмұнына сәйкес шығармашы­лық­пен жұмыс жасайтын, қазіргі даму үде­рісіне сәйкес басқару жүйесінде кәсіби білім мен білік, дағдысының әдіс­темелік деңгейін көтеру мақса­тында ұйымдастырылды.

Байқау бірнеше кезеңді қамтыды. Әр кезеңде қатысушылар өздері да­йын­даған бейнеролик, портфолио, жо­ба­лары арқылы жұмыстарының прак­тикалық мәнділігін, жаңашыл­ды­ғын, озат тәжірибесін, цифрлық са­уат­тылығын көрсетті.

Нәтижесінде, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің оқу ісі жө­ніндегі орынбасары А.Жаңабер­ге­нова І орынды жеңіп алды. №35 И.Тоқ­тыбаев атындағы мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әшір­бекова мен №131 Т.Қозыбаев атын­дағы орта мектебінің оқу ісі жө­ніндегі орынбасары Ж.Нұрымова ІІ орын иеленді. Ал №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ешмұратова мен №129 Ә.Жәмішов атындағы мек­теп-лице­йі­­­­­­­нің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Әзбергеноваға ІІІ орын бе­рілді.

Байқауды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ү.Жұ­мабаева қорытындылап, жүлде­гер­лерді аудандық білім бөлімі басшысы мен кәсіподақ комитетінің ар­найы дипломымен, бағалы сый­лығымен марапаттады.

Кәсіби біліктілігі мен білімін жо­ға­ры деңгейде көрсеткен №210 Оспан Әбіл­паттаев атындағы орта мекте­бінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Жаңабергеноваға байқаудың об­лыстық кезеңіне қатысатын болады.

«ТТ» ақпарат
08 сәуір 2023 ж. 205 0