Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі
Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы аудандық тамыз конференциясы аясында мектеп директорларының секция отырысы өтті. Секция отырысына Қызылорда қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры Камалова София Такеновна мен мектеп директорлары қатысты.
«Білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби дамуын басқару» тақырыбында «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры С.Камалова, «2021-2022 жаңа оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Төреқұлова, «Жетекші мектептегі стратегиялық менеджментті жетілдіру» тақырыбында №129 мектеп-лицейдің директоры Ж.Назаров, «Тыңда. Үйрен. Мұғалімге сиқыр жасауды үйрет» тақырыбында №42 мектеп-лицейдің директоры З.Жаманқұлов, «Білім берудегі инновация: Ізденіс және нәтиже» тақырыбында №35 мектеп-лицейдің директоры Б.Бақбергенова баяндама жасады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков Берік секция жұмысын қорытындылап, басшыларға мектепті басқару жүйесінде педагогикалық менеджмент қағидаларын, озат тәжірибелер, мониторинг, білім беру технологияларын, қызметті ішкі мотивция негізінде жұмыс жүргізу, ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыру қажеттігін айтты. Қатысушылар кері байланыс жасап, ой-пікірлерін ортаға салды.