Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үштілділік – үлкен әлемге жолдама

Үштілділік – үлкен әлемге жолдама

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей мұғалімдерімен бірлесе «Үштілділік – үлкен әлемге жолдама» тақырыбында әдістемелік онлайн семинар өткізді.

Әдістемелік семинар жұмысына білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Төреқұлова, әдіскер Қ. Қалжанова аудан мектептерінің директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасарлары, №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімдері қатысты.

Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Төреқұлова аудандық әдістемелік семинарды ашып, бүгінде ұстаздарымыз қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде қолданып, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында жүйелі жұмыстар атқарып келе жатқандығын тілге тиек етті. Үштілділіктің маңыздылығына, мектеп қабырғасынан бастап оқушылар биология, химия және информатика пәндерін үш тілде қатар меңгеріп, өз қабілеттерін танытуына мол мүмкіншілік беріліп отырғандығына тоқталып өтті.

Семинар барысында информатика пәні мұғалімі Қ.Тоқтарбаева 7 сыныпқа «Файл форматтары», П. Ақылбекова 9 сыныпқа биологиядан «Жұқпалы аурулардың таралуы», Ғ.Смағұлова физика пәнінен 7 сыныпта «Заттың молекулалық құрылысы» тақырыбында үлгілі сабақтар көрсетіп, «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны өткізілді.

Семинар қорытындысында мұғалімдер үштілділікті енгізуге байланысты озық тәжірибелері мен тың идеяларымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
07 ақпан 2021 ж. 605 0