Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі шаруалармен кездесті

Аудан әкімі шаруалармен кездесті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ақжарма ауылдық округіндегі «Ақжарма-2» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.

Ауданның елді мекендерінің арасында Ақжарма ауылының өзіндік орны бар. Аталмыш ауыл республика бойынша тірек ауылдардың қатарында. Ауылдағы Марат Бисенов Алдабергенұлы басқаратын «Ақжарма-2» шаруа қожалығы 2012 жылы құрылып, жұмыс жасап келеді. Шаруашылықтың негізгі бағыты - егін егу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.

Бүгінде 92 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалықтың жер көлемі - 5784 гектар. Оның ішінде егістік 1267 гектар, жайылымдық 2796 гектар, бөгде жерлер 1721 гектарды құрайды.

Шаруашылықта биылғы жылы 1172 гектар күріш, 120 гектар бидай егіліп, 162 гектар ескі жоңышқаны күтімге алынған.

Шаруашылықта 162 гектар ескі жоңышқаның І-орымынан 215 тонна мал азықтық шөп жиналды, орта өнімі 15,5 цн/га келді.

Кездесу барысында аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы шаруалардың биыл да егін жинау науқанын дер кезінде аяқтап, ел-халық несібесін молайтуға өзіндік үлес қосатындығына сенім білдірді.
20 шілде 2023 ж. 308 0