Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырауда балық аулауға кеткен жасөспірім өзенге батып кетті

Атырауда балық аулауға кеткен жасөспірім өзенге батып кетті


2 мамырда Талғайран ауылының маңындағы Орал өзеніне балық аулауға барған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бұл жағдай шамамен сағат 16:00-17.00 кезінде болған. 16 жастағы баланың денесін іздеу шарасы бірден ұйымдастырылды. Батыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, бас-аяғы 20 адам мен 6 бірлік техника іздеу жұмыстарына қатысты.
ТЖД баспасөз қызметі анықтағандай, 2 мамыр күні іздеу жұмыстары сағат түнгі 22.00-ге дейін жалғасқан, бірақ ешқандай нәтиже болмаған. Жергілікті тұрғындар 3 мамырда таңғы сағат 08:20-да баланың денесін судан алып шыққан. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр.
05 мамыр 2018 ж. 1 329 0