Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтқарушылар су басқан аймаққа аттанды

Құтқарушылар су басқан аймаққа аттанды


Қызылорда облысы аумағындағы су тасқыны кезеңі төменгі материалдық шығынмен табысты аяқталды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы генерал-майор В.Беккердің өкіміне сәйкес  Солтүстік Қазақстан облысындағы  су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты, сонымен бірге авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде жедел әрекет ету мақсатында 2018 жылдың 5 сәуірінде таңғы 6-да Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан құралған  күш-құралдар Солтүстік Қазақстан облысына жолға шықты. Құтқару тобын Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының  басшысы Б. Ембергенов басқаруда.
Күш тобы су соратын 6 мотопомпа, спутниктік байланыс, цифрлы радиостанция, 3 резиналы моторлы қайық секілді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды және өздерімен бірге 14 тәулікке жететін азық-түлік, жанар-жағар май алды.
Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Ә. Марданов жолға шығар алдында құтқару тобына техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық өткізіп, жеке құрамға тапсырманы орындау кезінде және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды атқару барысында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жеткізді.  

Қызылорда облысы
 Төтенше жағдайлар департаменті
05 сәуір 2018 ж. 1 177 0