Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қатты аязда жолда қалып қойған 20 жолаушы құтқарылды

Қызылордада қатты аязда жолда қалып қойған 20 жолаушы құтқарылды


Қызылордалық полицейлер үскірік аязда жол жиегінде қалып қойған жолаушыларды құтқарды, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға өткен сенбі күні болған.
"Сағат 11.43 шамасында Қызылорда облысы ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызметтік автокөлігімен аумақты барлау кезінде Шымкент-Самара тасжолының Тартоғай елдімекені тұсында тұрған Mercedes-Benz Sprinter маркалы шағын автокөлікті байқайды. Тексеру кезінде, күннің суығынан автокөліктің жанар-жағар майы қатып қалып, автокөлік оталмай қалғандығын анықтайды. Автокөліктің ішіндегі 20 жолаушының салқындап қалуынының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, Шиелі бағытына жол тартқан автокөліктерді тоқтатып, азаматтарды отырғызып жіберген", - делінген хабарламада.
Ал, жолда бұзылып қалған көлік Шиелі кентінің автокөлік жөндейтін орнына жеткізіліпті.
Дәл осындай дерек "Қызылорда-Арал" трассасында да болған. Байқоңыр қаласына бағыт алған автобус істен шығып, ішіндегі 47 жолаушысымен қоса жол бойында қалып қойған. Автобустағы адамдарға полиция қызметкерлері жедел көмек көрсетіп, адамдар құтқарылған.
Айта кетерлік жайт, бір күн ішінде полиция қызметкерлері жол бойында қалған 15 автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсетіп, төтенше жағдайлардың алдын алды.
29 қаңтар 2018 ж. 1 260 0