Аудан әкімінің құттықтауы
Қадірлі сала ардагерлері мен құрылыс компанияларының өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз «Құрылысшылар күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – адамзат баласы жер бетінде пайда болған ежелгі дәуірден бастап дамып келе жатқан жасампаз кәсіп. Бұл салада еңбегі адал, қабілетті мамандар жұмыс істейді.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне құрылысшылардың қосқан үлесі мол. Құрышқол құрылысшылар күннің ыстық-суығына қарамай атқарған адал еңбектерінің арқасында халқымызды қуанышқа кенелтіп, елдің сәулетіне сәулет қосуда.
Барлық салаларда дамудың оң динамикасына қол жеткізген Сырдария ауданында құрылыс саласы дамуда деп айтуға толық негіз бар. Мысалы, биыл аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9 млрд теңгеге дейін жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 5,3 есе өсті. 8,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 26,9 пайызды құрады. Мұндай жұмыстар – бірлесе атқарған жұмыстарымыздың және құрылысшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, ғұмыры мәңгі болсын!
Құрметпен, Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі