Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Құрылысшылар марапатталды

Құрылысшылар марапатталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов ауданның құрылыс саласы қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ауданда құрылыс саласында ілгері даму бар. Биыл аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9 млрд теңгеге дейін жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге өсті. 8,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 26,9 пайызды құрады.

Бұл жұмыстардың жүзеге асуында құрылыс мамандарының еңбегі зор екенін айтқан аудан әкімінің орынбасары сала қызметкердері мен ардагерлеріне Құттықтау табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде құрылыс саласының ардагері Қожамұрат Сматов мерекелік лебізін білдіріп, іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
11 тамыз 2023 ж. 370 0