Кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгінде көлік кешені қуатты өндірістік, ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетке ие. Көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің күнделікті адал еңбегінің, кәсібилігінің және іске жауапкершілікпен қарауының арқасында сала жұмысы жандануда, қарқынды дамуда. Бұл салаға аудандағы көлік қызметкерлерінің қосып жүрген еңбегі орасан.
Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов сала ардагерлері мен қызметкерлерін аудан әкімінің Алғысымен марапаттады. Сала ардагерлері өздерінің ризашылықтарын жеткізді.