Мәртебелі мамандық иелері
Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Осыған орай бүгін аудан әкімі Б.Сәрменбаев медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдап, адам жанының арашашысы болған ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетті.
Мерекелік қабылдауға аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлерінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Ембергенов, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, сала мамандары мен ардагерлері қатысты.
- Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал оның иесі болу – үлкен мәртебе.
Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. - деді аудан әкімі құттықтауында.
Сонымен қатар, қабылдауда бірқатар медицина саласының қызметкерлері облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.