Қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады
Аудан әкімі М.Ергешбаевтың 15 қараша ҚР Ұлттық валюта – теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қаржыгерлерді қабылдады.
- Баршаңызды Ұлттық валюта және қаржы қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің экономикасы өркендеген елге айналу жолында қаржы, экономика, қазынашылық, статистика, салық жүйесінің мамандары зор еңбек сіңірді. Осы жетістіктерге Сырдария қаржыгерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Тиыннан теңге құрап, табыстың берекесін тасытқан ардагерлеріміз ауданымыздың экономикалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етті,-деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Сырдария ауданының биыл «Үздік аудан» атанғанын айтып, бұл жетістікке жетуде қаржыгерлердің де үлесі мол екеніне тоқталды. Сондай-ақ сала ардагерлері мен еңбекте үздік шыққан мамандарды облыс, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттап, естелік сыйлық табыстады.
Мерекелік қабылдауда сала ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Ибрагим Әкімжанов және аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімін ұзақ жылдар басқарған Мағрипа Жүсіпбекова сөз сөйлеп, құрмет көрсеткені үшін аудан басшысына алғыс айтты. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов аудан бюджетінің атқарылуын ұйымдастыруда талмай еңбек етіп жүрген қаржыгерлердің еңбегін жоғары бағалап, игі тілегін жеткізді. Іс-шара соңында аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Есмағанбетов әріптестерінің атынан алғыс айтып, артылған сенімді абыроймен атқару жолында қаржыгерлердің қажырлы еңбек ете беретінін айтты.
Қазіргі таңда сала ардагерлері салып кеткен сара жолды олардың ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі