5 тамыз-Медиация күніне орай қабылдау іс-шарасы өтті

Бүгін аудандық қоғамдық даму бөлімінің мәжіліс залында аудан әкімдігі мен аудандық сот, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық соттың хатшысы Н.Әбдікәрімов, аудандық прокуратураның прокуроры Б.Жұмағали, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Оспанов қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы ауданда қызмет көрсететін медиаторларға аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлының арнайы құттықтауын жеткізіп, дауларды шешудегі ерекше қызметтері үшін алғыс білдірді.
Бүгінде ауданызда 3 Алқабилер, 42 медиаторлар бар. 2023 жылы медиаторлардың қатысуымен 6 қылмыстық іс бойынша 7 адам, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 20 іс, азаматтық істер бойынша 75 іс медиаторлардың көмегімен бітімге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 30 % артып отыр.
Іс-шара соңында аудандағы бірқатар медиаторлар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кету керек, бұған дейін 5 тамыз – Медиация күніне арналған апталық аудан көлемінде өткізіліп, кітапханаларда тақырыптық лекциялар оқылып, семинарлар өткізілсе, аудандық өлкетану музейінде ашық есік күні болып өтті.