Кәсіби емес медиаторлар марапатталды

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев медицияның қазіргі қоғамда маңызы зор екенін атап көрсетті.
– Ел болған соң халық арасында дау-жанжалдар орын алып тұрады. Сол кездерде халықтың бір-бірімен татуласуына медиация қызметінің маңыздылығы жоғары. Өйткені медиаторлардың көмегімен ұрыс-керіс сотқа дейін жетпей, өзара татуласуға мүмкіндік жасалады. Ауданда медиация қызметінде 38 азаматтық, 10 әкімшілік және 4 қылмыстық іс шешімін тапқан. Осындай қызметте әркез белсенділік танытып жүрген жандарға алғысымыз зор, – деген аудан әкімінің орынбасары кәсіби емес медиаторларды марапаттады. Атап айтқанда, Муса Келдібаев, Ұлмекен Жанәлиева және Мектепхан Елеусіновке аудан әкімінің «Құттықтауын» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.
Айта кетейік, аудан бойынша 6 аудандық және 43 ауылдық округтік кәсіби емес медиаторлар тіркелген. Биылғы жылдың есепті кезеңінде олардың қатысуымен 117 дау шешімін тапқан.