Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аппарат мәжілісі өтті

Аппарат мәжілісі өтті

Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Аппарат мәжілісі басталмай тұрып кадрлық өзгерістер таныстырылды.

Алдымен, аудандық орталық мешіттің бас имамы қызметін атқарып келген Асхат Асқарұлына аудан басшысы атқарған қызметі үшін Алғыс табыс етіп, сый-құрмет көрсетті. Ал аудандық мешітке бас имам қызметіне тағайындалған Айбек Мадиевтің қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аудан әкімінің өкімімен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Алмат Берікұлы тағайындалды. Аудан басшысы мемлекеттік қызметшінің ауқымы кең саладағы жұмысына табыс тіледі.

Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде негізгі 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы болды. Бұған қатысты ауданға қарасты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылының әкімдері хабарлама жасады. Ауыл әкімдері есепті мерзімде атқарылған жұмыстар есебін берді.

Мұнан соң аудандағы дербес бөлімдерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты талдау жұмыстары мәселесі талқыланды. Бұл бойынша аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары баяндады.

Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне қосымша аудандағы санитарлық тазалық мәселесі де қаралды.

Аудан басшысы мемлекеттік бағдарламаның дұрыс, уақытылы әрі сапалы игерілуін қатаң тапсырды. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапкершілікпен қарауды және елді мекендердің санитарлық тазалығы әркез бақылауда болу керектігін назарға салды.

Аппарат мәжілісінің қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 шілде 2023 ж. 236 0