Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Кент көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Аудан әкімі Берік Сарменбаев кент орталығындағы Д.Қонаев көшесінде бастау алған орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аталған жұмыстарды орындау “Айзон” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Аудан әкімі мердігер мекемеге атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

Сонымен қатар, биыл Тереңөзек кентінде 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Қ.Бөдеев көшесі 2 км, Ә.Тоқмағанбетов көшесі 0,8 км, Ә.Тәжібаев көшесі 0,5 км, А.Алиакбаров көшесі 1,9 км, Айтбай арық көшесі 0,5 км, Д.Қонаев көшесі 1,3 км, Б.Момышұлы 1,2,3,4,5,6 көшесі 1,8 км мердігер мекемелері анықталып, тиісті жұмыстар жасалуда. Ал А.Тоқмағанбетов 2,4,5,6, Б.Өтепов, С.Усабаев, Ә.Найзабаев, Т.Қозыбаев көшелері бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
14 сәуір 2023 ж. 552 0