«Есірткісіз аймақ» рейді жүргізілуде
Бүгінгі күні жалпы қоғамның негізгі басты мәселелерінің бірі – есірткі. Есірткі бұрыннан қоғам дерті болып келе жатқаны белгілі.
Биыл да «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманшы қызметкерлері өздеріне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесулердің алдын алу, дәрілік өсімдіктер мен олардың бөліктерін заңсыз дайындау деректерін болдырмау, тыйым салынған есірткі тектес қара сора өсімдігін өсірмеудің алдын алу жұмыстары және басқа да орман заңнамаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмыстар жасауда. Олар жергілікті жерлердің, дария бойындағы және орман-тоғайдың қалың өскен жерлерін тексеру жұмыстарымен айналысуда.
Қызылорда облысы прокуратурасымен әзірленген «Есірткісіз аймақ» жобасының іс-шара жоспарына сәйкес бүгінгі күндері аудан бойынша полиция қызметкерлерімен, ауылдық округтер әкімдік мамандарымен бірлескен рейдтер жүргізіліп жатыр. Жұмыс кезінде байланыс құралдары мен дрондар пайдаланылуда. Бүгінгі күнге дейін мекемеге қарасты орман қоры жерлерінде есірткі алқаптарының анықталу жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен бұл жұмыстар жыл сайын жалғасын таба беретін болады.
Есірткінің адам ағзасына зиянын ескере отырып, жерімізде осындай зияны ұшан теңіз өсімдіктің өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті тұрғындарға және табиғат пайдаланушыларға айтарымыз, табиғат аясында жүрген кезіңізде өсіп тұрған есірткі өсімдігін көзіңіз шалып қалса, еш әрекетке бармай, дереу құзырлы орындарға хабарласуыңызды сұраймыз.
«Сырдария орман және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі