"Көкнәр – 2020" рейді жүргізілуде
Бүгінгі күні жалпы қоғамның негізгі басты мәселелерінің бірі – есірткі. Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Биылғы жылы да «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманшы қызметкерлері өздеріне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесулердің алдын алу, дәрілік өсімдіктер мен олардың бөліктерін заңсыз дайындау деректерін болдырмау, қолдан өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егілуіне және басқа да орман заңнамаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмыстар жасауда. Сонымен қатар мекеме орманшылары есірткі алқаптарын анықтау мақсатында ұйымдастырылған бірлескен рейдтерге шығуда. Олар аудан көлеміндегі жерлердің, дария бойындағы және орман-тоғайдың қалың өскен жерлерін тексеру жұмыстарымен айналысуда. Бүгінгі күнге дейін мекемеге қарасты орман қоры жерлерінде есірткі алқаптарының анықталу жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен бұл жұмыстар жыл сайын жалғасын таба беретін болады. Есірткінің адам ағзасына зиянын ескере отырып, жерімізде осындай зияны ұшан-теңіз өсімдіктің өсуіне жол бермеу мақсатында аудан тұрғындарына және табиғат пайдаланушыларға айтарымыз табиғат аясында жүрген кезіңізде өсіп тұрған есірткі өсімдігін көзіңіз шалып қалса, еш әрекетке бармай, дереу құзырлы орындарға немесе орман шаруашылығы мекемесіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Т.Сатбаев,
орманды күзету және қорғау жөніндегі
орман патологі-инженері