Табиғат сақшылары
Адам баласының тыныс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты. Өзіне керек қорек пен қажеттіліктің барлығын осы қоршаған ортадан алады. Сол себепті де дана халқымыз «Адамның табиғатсыз күні жоқ» деп бекер айтпаса керек-ті. Ал осы табиғаттың қалыпты сақталуын орман саласы қызметкерлері қамтамасыз етеді. Табиғат сақшылары қоршаған ортаның ластануына, аң-құстың жойылып кетуіне жол бермейді. Бұл ретте, орман күтушілерінің еңбегі орасан зор. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісі орман саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтіледі. Осыған байланысты біз аудан табиғатына жауапты қызметкерлер мен орман қорғаушылар жұмысына тоқталып өтпекпіз.
«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ аудан көлеміндегі орман қоры жерлерін қорғап, тиімді пайдалану ісін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мекемеге қарасты 236 549 гектар орман қоры жері бар. Олар 13 айналымға бөлінген. Мекеменің басты міндеті – осы жерлерді қорғау, молайту, тиімді пайдаланумен қатар, орман өртінің алдын алу. Аталған жоспарлы жұмыстарды мекеменің 47 қызметкері атқарады.
Мекеме қызметкерлері орман қоры жерлерін молайту үшін қажырлы еңбек етуде. Атап айтқанда, биыл Іңкәрдария ауылының маңында 1 гектар жерге орман тұқымбағы орналастырылған. Оған Сыр талы мен терек қаламшалары егіліп, үйеңкі тұқымы себілген. Сондай-ақ, мекеменің №9 аялдамадағы саябағының 3 гектар жеріне алма ағашының көшеттері отырғызылған. Жалпы, орман шаруашылығы мекемесі көркейту-көгалдандыру айлықтарында аудан мекемелерін көшетпен қамтамасыз етуде.
– Биыл орман қоры жерінен тыс жерлерден халық отын қылатын 400 шаршы метр жыңғыл ағашы шабылды. Орманды жанама пайдалану бойынша 34 адамға мал жайылымдық жер берілсе, бақшалық көкөніс егу үшін 4 адамға жер үлестірілді. Сонымен қатар, ара ұялары, омарта орналастыру үшін де сырдариялықтарға жер берілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде барлық орман табысы бойынша жыл басынан 405,6 мың теңге бюджетке қаржы түсірілді, – дейді мекеме директоры Әлібек Рахымжанов.
Аталған мекеменің негізгі қызметтерінің қатарында орман өртінің алдын алу және болдырмау жұмыстары да бар. Бұл бойынша мекемеде өртке қарсы қызмет тобы құрылып, техникамен жабдықталған. Жыл басында тиісті мекемелермен өртке қарсы бірлескен іс-қимылы және іс-шара жоспары жасалып, бекітілген. Осы негізде өрт қаупі кезеңі басталар алдында өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау және болдырмау мақсатында арнайы 90 дана ескерту хат пен 100 дана плакат таратылған. Биылғы жылдың өрт қаупі бар маусымдарда мекеме қызметкерлері аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, орман қоры аумақтарында жеке тұлға мен техникалардың өтуін шектеу жөнінде 12 рет рейд ұйымдастырған. Одан бөлек, өрт сөндіру бөлімімен бірігіп 8 мәрте кент көлемінде және елді мекендер аумағындағы болған дала-тоғай өрттерін жоюға атсалысқан.
Сырдариялық табиғат сақшылары орман қорғау бойынша нәтижелі жұмыс атқаруда. Оның ішінде, браконьерлерге қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі, аумақтық инспекциясымен бірлесе 22 рет рейд ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 7 жағдай анықталған. Сонымен бірге, әр ауылда орманшылар ақбөкен аңын, қызылмия тамырын, сексеуіл ағашын қорғау үшін халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Оған қоса, жыл сайынғы акция аясында балық шабақтарын қорғау, қыс мезгілінде су айдындарында мұзды ойып, қамыс қою арқылы балықтардың дем алуына жағдай жасау жұмыстары уақытылы атқарылуда.
– Мекемеге қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде заңсыз есірткі егуге, өсіруге жол бермеу мақсатында мекемеде қызметкерлері арасында арнайы жиналыстар өткізіліп, орман қоры жерлері жіті бақылауға алынған. Орманшылықта шеберлік учаскелер шеберлері және орман күтушілері бекітілген айналымдарды күзету, қадағалау жұмыстарына ерекше мән беруде. Әр орманшы өздеріне қарасты орман қоры жерлерінде орналасқан елді мекендерде заңсыз есірткі егу, өсіру, оны пайдаланбау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні мекемеге қарасты орман қоры жерлерінде есірткі алқаптары анықталған жоқ. Сондай-ақ, біз осы орман қоры жерлерін мақсатты пайдалануды жолға қойып, аң-құсты жаппай қыруға жол бермейміз. Осы ретте, орман және жануарлар дүниесін қорғауда тынымсыз еңбек етіп жүрген әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тілеймін, – дейді Ә.Рахымжанов.

Е.Беркінбаев