Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуілдерді кескендарге қанша айыппұл салады?

Сексеуілдерді кескендарге қанша айыппұл салады?

«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» комму­налдық мемлекеттік мекемесі тұрғындарға келе­сі ақпаратты ұсынады. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы» ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі коми­тетінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 бұй­рығы қабылданды. Осыған орай ҚР орман қоры учас­келерінде ағаш кесудің барлық түрлеріне 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта тыйым салынғанын ескертеді.

Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабының 2 бөлігімен мемлекеттік ор­ман қоры жерлерінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, заңсыз кесілген ағаштары мен бұталары және құқық бұзушылық жасаған көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, же­ке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш (АЕК – 2917 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйым­дарға қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі» КММ
10 наурыз 2021 ж. 457 0