Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Еңбек ардагерлері – Түркістанда

Еңбек ардагерлері – Түркістанда

Бұрнағы күні Шаған ауылының ардагер­лері «Шаған жер» серік­тестігінің ұйымдас­ты­руымен киелі Түркіс­танға барып, жаңа қа­ла­­ның тіршілігімен танысып келді.

Таң сәріден шыққан арнайы автобус таңертең шаһарға жетіп, Қо­жа Ахмет Яссауи кесенесіне табан тіреді. Ауыл ардагерлеріне түскі ас бері­ліп, кейін Арыстан баб кесе­не­сіне жол тартты. Киелі мекенде дұға етіп, Гауһар ана кесенесіне аттанды. Мұнан соң жаңа қаланың көрі­ні­сімен танысып, Керуен сарай кешенін аралады. Осылайша тегін ұйымдас­ты­рылған бұл сапар көптің батасын алып, елге қарай жол жүрді.

— Осындай керемет күн сыйлаған шаруашылық директоры Жеңісбек Сыздықовқа ауыл ардагерлерінің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Ауа-райы да бізге қарасқандай жанға тыныштық сыйлады. Бабалар рухына тағзым етіп, ел амандығы үшін дұға еттік. Барлығы өз деңгейінде жақсы ұйымдастырған қыз-жігіттерге де ризашылығымызды білдіргім келеді. Әрбір сағатымызды жоспарлап, әсер­лі әрі қызықты өткізді. Осындай демалысты қарттарға арнап жатқан шаруашылық ұжымына ақ батамызды бергіміз келеді, егін мол болып, қырман астыққа тола берсін, – дейді ардагер Қабылбек Бөжеков.

Шаруашылық ардагерлерді киелі шаһар Түркіс­танды аралатып, қазақ хандары мен билері жатқан қасиетті жерге тәу еткізуді жоспарлаған еді.

Сол игі істің арқасында жолға шыққан қариялар аман-есен Түркіс­танды көріп, қызығына қанып, өлі аруаққа Құранын бағыштап,аман-есен Шағанға оралды. Мәз-мәйрам. Жол соғып шаршағандары білінбейді. Түркістаннан алған тәбә­рігін бірі келініне, бірі немересіне тыққыштап әлек. Көңілге қуаныш сыйлар кө­рініс еді бұл. Ал бұл кезде барып-келер көлігін сайлап, жол азығын түгендеп, Түркістандағы ас-ауқатын демеушілікпен түгел-түгел көтерген шаруашылық басшысы Жеңісбекке шағандық ақсақалдар батасын төгіп жатқан...

Майя ҚОЖАБАЙ
25 шілде 2023 ж. 299 0