Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түркістан қаласына саяхат

Түркістан қаласына саяхат

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен аудандағы бір топ аналар қасиетті, киелі мекен – Түркістанға барып қайтты. Ең алдымен аналар Шиелі ауданы аумағында орналасқан Оқшы ата мазарына барып, арнайы құран бағыштап,садақа салып зиярат етті.

Түркістанның аты аталса, ең алдымен тарихи орындар, киелі жерлер, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ойға келеді. Аналар қауымы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішінде түрлі мағлұматтар алып, тайқазан жанында естелікке суретке түсті. Түркістан қаласының тағы бір көрікті орны Керуен сарайға бет алған аналар, «Дала Венециясы» ретінде танылып кеткен су арнасының бойымен алып кеме тұрған айдынға барды.

Қайту сапарда Жаңақорған аумағында орналасқан Сунақ ата кесенесіне барып зиярат етіп құран бағышталды.


«Тт» ақпарат


18 тамыз 2022 ж. 1 354 0