Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтің 4 маусым - Мемлекеттік рәмiздер күніне орай құттықтауы

Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтің 4 маусым - Мемлекеттік рәмiздер күніне орай құттықтауы

Ардақты ағайын!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жү­ректен құттықтаймын!

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның «Мем­лекеттік рәміздері туралы» заңға қол қойылды. Осылайша, біз жер шарында Қазақстан Республикасы атты егеменді мемлекет бар екенін дәлелдедік. Сол сәттен бастап бұл қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналды.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қой­науынан сыр шертер тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшық­тап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екен­дігінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.

Бүгінде мемлекеттік нышандарымыз еліміздің басты символдарына айналып, көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдарда желбіреп, дү­ниежүзілік олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жеңіске жеткен кезде Туымыз көтеріліп, Гимніміз шырқалады. Мұндай тарихи сәттерге өздеріңіз үнемі куә болып жүрсіздер. Ендеше, азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.

Қазақ жұрты қашанда туған жерін ерекше қадірлеген. Сондықтан да халқымыз өз Отанын, өз халқын, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сү­йе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген.

Құрметті сырдариялықтар!      
                        
Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын!  Мем­­лекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Көк Туы­мыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!


Құрметпен, Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
04 маусым 2023 ж. 345 0